«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алименттен жалтарғаны үшін сотталды

Өңірдің 41 жастағы тұрғыны алимент бойынша 2,7 млн. теңгеден астам берешегі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ашық сот отырысына алимент төлеуден жалтарып жүргендер шақырылды.

Облыстық соттың мәліметін­ше, қылмыстық іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық со­тында қаралған. Сотталушы П.-ға Қылмыстық кодекстің 139-шы бабы “ата-ананың кәмелетке тол­маған баласын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жө­ніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы” бойынша айып тағылды.

П. өзінің алименттік міндет­те­мелері туралы білген, тө­лем жасауға мүмкіндігі болғанымен, берешегінен құтылуға асықпа­ған. Сот үкімін орындау үшін ешқандай шара қолданбаған.

Прокурор сотталушыны кінә­лі деп тануды және бір жыл мер­зімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот П.-ны кінәлі деп танып, оны бір жыл мерзімге бас бостанды­ғынан айырды. Ер адам жа­засын қылмыстық-атқару жүйесі­нің қауіпсіздігі ең төмен мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp