«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТТІҢ МАШАҚАТЫ

Ажырасқан ата-аналардан кәмелет жасына толмаған балаларына төленетін алиментті өндіріп алу қазіргі таңда күрмеуі қиын іске айналып отырғаны жасырын емес. Оны облыстық Сот актілерін орындау департаментіне 6 мыңнан астам атқарушылық құжат түскенінен де аңғаруға болады. Олардың 300-ге жуығы аяқталды. Сот орындаушылары борышкерлермен күресуде әртүрлі шаралар қолдануда. Мысалы, 31 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Олардың арасында лауазымды тұлғалар да бар. “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес, борышкерлердің елден шығуына тыйым салу туралы 184 қаулы шығарылды.

Сол сияқты, сот орындаушылары мектеп және колледж белсенділерімен бірге “Алимент берешегін болдырмаңыз!” акциясын ұйымдастырды. Футболкалар киген акцияға қатысушылар тақырыптық парақшалар таратты, флэшмоб өткізді.

Елена СКАКУНОВА,

облыстық Сот актілерін орындау департаментінің

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp