«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТІН ТӨЛЕМЕЙТІНДЕРГЕ АЯУШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

Бүгінгі қоғамда алимент төлемдерін өндіріп алудың күрмеуі қиын. Сондықтан облыстық әділет департаментінің сот орындаушылары борышкерлердің берешектерін өтеуі үшін түрлі шаралар қолдануда. Борышкерлердің елімізден тыс жерге шығуына тыйым салынып, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуда. Аталған шаралар өз нәтижесін беріп, сот орындаушыларының жұмысын жеңілдетті.

Үстіміздегі жылдың өткен айларында облыстық әділет департаментінің Петропавл қаласы бойынша “Алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімі” филиалының сот орындаушылары 36 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың ішінде 12-сі бір тәулікке қамауға алынса, 5-еуіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сол сияқты 19 борышкер 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

Ольга ВАСИЛЬЕВА,

облыстық әділет департаментінің

бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp