«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕГЕН «ӘКЕЛЕР»

Облыстық прокуратура атқарушылық іс жүргізуге қатысты ведомствоаралық кеңес өткізді. Жиында алимент, жалақы және мемлекет кірісі бойынша берешекті өндіріп алудың проблемалық мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда алимент бойынша берешек 260,1 млн. теңгеге жеткен.

Қадағалау органы биыл алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 43 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Сот орындаушыларының жұмысын үйлестіру шаралары арқылы тағы 25 алимент бойынша борышкерлер әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен қатар алимент төлеуден жалтарған 9 адам Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде шамамен 90 млн. теңге өндіріліп алынды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp