«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТ ӨНДІРІЛІП АЛЫНУДА

Облыс орталығында балаларына алимент төлемей, жауапкершіліктен жалтарып жүрген ата-аналардан қарыздарын өндіріп алу мақсатында рейд ұйымдастырылды. 

Бұл күні сот орындаушылары ата-ана құқығынан айрылған А.Ш. есімді азаматтың үйіне барды. Оның жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан үш баласының алдындағы қарызы соңғы екі жыл ішінде 900 мың теңгеден асып кеткен. Сонымен қатар, рейд кезінде сот орындаушылары екі жылдан бері алимент төлемей жүрген И.Ф.-ның үйіне де соқты. Бірақ баласының несібесін жеп, оның алдындағы борышын өтемей жүрген әкені кездестіру мүмкін болмады. Көршілері де оның қайда жүргенінен бейхабар екен. Ол баласына 700 мың теңге берешек.

Жыл басынан бері облыстық әділет департаментінің алименттік төлемдерді өндіріп алу жөніндегі бөліміне Петропавл қаласы бойынша 3071 іс түсті. Бүгінде оның 459-ы ғана толық орындалды. Сондай-ақ, алименттік төлем жасаудан жалтарып жүрген 93 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді аталмыш департаменттің сот орындаушысы Анастасия Самкова.

Жыл басынан бері облыс орталығы тұрғындарының алимент бойынша қарызы 77 миллион теңгені құраса, бүгінгі таңда соның 39 миллион теңгесі өндіріліп алынған.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

Солтүстік Қазақстан”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp