«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЛЕРГИЯДАН АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ

Облыстық аурухана аллергиялық ауруларды емдеуде жаңа тәсіл енгізді.

Облыстық аурухананың аллерголог дәрігері Рустам Әжібаевтың айтуынша, бұрындары науқастың бойында ауруды қоздырушы аллергендерді анықтау үшін қан тапсыру қажет болған. Енді арнайы құрылғының арқасында 20 минуттың ішінде дерттің пайда болу себебін анықтап қана қоймай, сол мезетте ем қолданылады екен.

Дертті емдеудегі жаңа тәсілді “иммунотерапия” деп атайды. Яғни, адамды ауыртып тұрған қоздырушы аллергеннің өзін ине арқылы науқасқа егеді. Адам ағзасы аллергенге үйрену арқылы дерттен сауығады екен.  

– Аллергия маусымдық дерт болғандықтан, бұл ауру көбінесе көктем мезгілінде асқынады. Сырқаттың алдын алу үшін қыс мезгілінде емделген дұрыс, – дейді дәрігер.

Бұл ем түрі біртіндеп жасалуы тиіс. Себебі, созылмалы аллергиялық аурулармен науқастанған адамдарда бірнеше қоздырушы болуы мүмкін. Сол себепті сырқатты үш жыл бойы емдейді.

 (Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp