2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматыда қала активімен, студент жастармен, Алматы көпір құрастырмалары зауытының жұмысшыларымен кездесті, сондай-ақ, Елбасының мыңдаған жақтастарының форумына қатысты.
Республика сарайына 3 мыңға тарта алматылықтар, Президенттің серіктері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, қаланың құрметті азаматтары, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, шағын және орта бизнестің өкілдері жиналды. Олар кезекті рет Н.Ә.Назарбаевқа өздерінің қолдауын білдірді.
Түстен кейін республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттерімен, сондай-ақ, Алматы көпір құрастырмалары зауытының жұмыскерлерімен де кездесті. Онда 700-ден астам адам еңбек етуде. Аталған зауытта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” көлік дәлізінің құрылысына қажетті жоғары сапалы темір-бетон өнімдері шығарылады.
Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің Алматыға жұмыс сапарының алғашқы күні Елбасы жақтастарының форумымен аяқталды. Оған 5 мыңға жуық адам қатысты.
* * *
Кеше Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы қаласына сапарының екінші күнінде зиялы қауым, ғылым және шығармашылық өкілдерімен, ардагерлер ұйымдарының және патриоттық клубтардың өкілдерімен, қала кәсіпкерлерімен кездесіп, “Инновациялық технологиялар паркі” АЭА-ға барды.
РҚШ мүшелерінің келесі болған жері – “Инновациялық технологиялар паркі” АЭА қызметкерлерімен кездесу болды. Жас жаңашылдар қазақстандық ғалым-жасаушылардың өздерін көрсетуіне мүмкіндік берген инновациялық технологиялар паркін құрғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді.
Алматыға сапары барысында республикалық қоғамдық штабтың мүшелері қаланың ардагерлер ұйымдары мен патриоттық клубтардың, сондай-ақ, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен кездесті. Олар Елбасына дауыс бере отырып, алматылықтар гүлдену, бірлік, бейбітшілік және келісім үшін дауыс беретіндіктері туралы мәлімдеді.
(Ресми ақпарат).