«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛМАТЫЛЫҚТАР – ЖЕҢІМПАЗ

Облыс орталығында волейболдан қыздар арасындағы қысқы ел біріншілігі аяқталды. Дәстүрлі сайысқа Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан, еліміздің барлық облыстарынан келген 2007-2008 жылғы спортшылар сынға түскен болатын.

Бес күнге созылған біріншіліктің қорытындысы бойынша, Алматы қаласының өкілдері жеңімпаз атанды. Өңір намысын қорғаған “Қуаныш – 1” командасы екінші болса, қостанайлықтар үздік үштікті түйіндеді. Жерлестеріміз алғашқы ойындарда Шымкент (3:0), Қарағанды (3:0), командаларымен кездессе, жартылай және ақтық кезеңде Қостанай (3:1) және Алматы (1:3) қалаларының өкілдерімен сынға түсті.
Біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жарыстың бас төрешісі, ұлттық санатты төреші Анастасия Кокинаның айтуынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлер наурыз айында волейболдан қыздар арасында өтетін көктемгі ел біріншілігінде бақ сынайтын болады.  

Сурет https://olympic.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp