Уәлиханов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері желілік алаяқтықтың біріне қатысты іздестіру жұмыстарын 2019 жылдан бастап жүргізді. Сол уақытта белгісіз қылмыскер “Kolesa.kz” сайтына автоқосалқы бөлшектерді сату туралы хабарландыру орналастырған. Ол телефон арқылы сөйлескен аудан тұрғынынан 55 мың теңге алдын ала төлем алғаннан кейін, байланысқа шықпай қойған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген.
Алматы қаласына қызметтік іссапар барысында криминалдық полиция қызметкері мен тергеуші күдіктінің ізіне түсіп, оның қолына кісен салды. Оңтүстік астананың 34 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірген шығынның орнын толтырды.
Руслан ӘЛИЖАНОВ,
Уәлиханов аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі.