«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛМАТЫҒА КҮНДЕ ҚАТЫНАМАҚ

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша өңірімізде ұшақ қызметін пайдаланушылар саны 2018 жылға қарағанда екі есе көбейген.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Балахонцевтің мәліметінше, былтыр өңірде 39 мың жолаушы діттеген жеріне жету үшін ұшақты таңдаған. Бүгінде Петропавл халықаралық әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына аптасына екі рет қатынайтын авиарейстер бар.
– “FlyArystan” авиакомпаниясымен Алматы қаласына күнделікті ұшатын коммерциялық авиарейс ашу және екінші тоқсаннан бастап Петропавл – Шарм-эш-Шейх авиарейсін қайта жандандыру туралы алдын ала келісім жасалды, – деді Владимир Балахонцев.
Ал темір жол тасымалында өзгеріс бол­майды. “Петропавл – Есілкөл” және “Петропавл – Петухово” бағыттарын сақтап қалу мақсатында биыл 750 млн. теңге бөлінген. Бұл өткен жылдан 150 млн. теңгеге артық. Әлеуметтік маңызы бар бұл бағыттарды қаржыландыру ұйғарылған. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы тарапынан талаптардың өзгеруіне байланысты шығын мөлшері артқан.
Көлік байланысына биыл қосымша 200 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат бұрыннан бар сегіз және жаңадан ашылған үш бағытты суб­сидиялауға жұмсалмақ. Жалпы облыста 491 елді мекеннің 482-сі тұрақты автокөлік байланысымен қамтылған.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp