«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫН ТҰҒЫР

Тұрақтылық пен тыныштықты, тәртіп пен әділдікті паш еткен Ата Заңымыз – алтын тұғыр, айбарымыз. Азаттықтың ақ таңын айшықтап, Тәуелсіздіктің дәлеліндей Конституция – біздің бірлігіміз бен берекеміздің, бақытты да бақуатты тірлігіміздің кепілі.

Конституцияның әр бабы мен тармағы бұлжымас тәртіпке негізделген. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша облыс аумағында орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар, өсiмдiк дүниесiнiң өзге де нысандарын қорғау саласында жұмыс істейтін мемлекеттік орган болып табылады. Басқарма өз қызметiн еліміздің Конституциясына және заңдарына, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету заңмен реттеледі. Басқарманың міндеті – орман, аңшылық, балық, су ресурстарын, өзге де өсiмдiк және жануарлар дүниесi қорларын реттеу және ұтымды пайдалану болып табылады.

Конституцияның 38-бабында айтылғандай, Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. Сондықтан кез келген азамат еліміздің табиғат байлығын қорғауға барынша атсалысқаны жөн.

Ерлан ӘБУҒАЛИЕВ,

облыстық табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp