«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЛТЫН ҚАЛАМ” БАЙҚАУЫ – ШАБЫТ ҚАЙНАРЫ

Өткен жылы құрылған “Ардос – Жүрек” мүгедектердің заңды тұлғалар бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында “Мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін арттыру және өзін-өзі жетілдіру бойынша іс-шаралар өткізу” жобасын жүзеге асыруда. Осы жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында “Алтын қалам” байқауы өтті.

Сайысқа облыстан 10-ға жуық өтініш түскен. Аудан мен облыс орталығының дарынды жастары өз бақтарын сынамаққа бел буып, өздері шығарған өлең-жырларын және прозалық шығармаларын ұсынған екен. Үміткерлер өз шығармаларында түрлі тақырыптарды қамтыған. Табиғат, туған жер, өмір мен баянды болашаққа деген жарқын үміттерін көркемсөзбен суреттей білген жас қаламгерлер тиісінше сыйлықтар иеленді.

Жобаның үйлестірушісі Сәлімхан Сәбитовтың айтуынша, байқауға қатысқан барлық үміткерлердің туындылары жоғары бағаға лайық. Десе де, петропавлдық Михаил Гвоздев оза шапты. Есіл ауданының тұрғыны Дархан Баяхметов екінші орынды иеленді. Ал Алина Сапожникова мен Алмагүл Тілеулесова үшінші орынды бөлісті.

Қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp