«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫ АДАМДЫ АЖАЛДАН ҚҰТҚАРҒАНДАРҒА – МАРАПАТ

 

Облыстық полиция департаментінде өткен аппараттық кеңесте былтырғы жылдың соңында Айыртау ауданында болған өрт кезінде екі әйел мен төрт баланы құтқарған екі патрульдік полицей марапатталды.

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары, полиция лейтенанты Ерлан Данкин мен полиция кіші лейтенанты Азамат Букуев Айыртау ауданында «Көкшетау-Рузаевка» тас жолында кезекшілік атқарады. 21 желтоқсан күні Ерлан Данкин мен Азамат Букуев патрульдік көліктеріне жанар-жағармай құйып алу үшін таң алдында Саумалкөлге келеді. Кенеттен олар тұрғын үйлердің бірі өртеніп жатқанын байқап қалады. Сақшылар санаулы минут ішінде өрт орнына жетіп, қызыл жалынға оранған үйдің ішінен екі әйел мен төрт баланы алып шықты. Араларында 8 айлық кішкентай бала бар еді. Полиция қызметкерлерінің сауатты әрі жылдам әрекеті арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.
Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен патрульдік полицейлер «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медальдарымен марапатталды.
Бүгінгі күннің батырларын марапаттау барысында облыстың бас полицейі Марат Төлебаев: «Ерлан Данкин мен Азамат Букуевтың кәсіби шеберлігі өзге қызметкерлер үшін, әсіресе, жас мамандар үшін үлгі болуы тиіс. Біз бірінші кезекте адамдарға қызмет көрсетіп, көмектесуіміз қажет», – деп атап көрсетті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp