«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫ АЙДЫҢ АЙШЫҚТЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-эко­но­микалық даму қорытындылары бойынша облыста, тұтастай алғанда, экономикалық қызметтің барлық салаларында оң серпін тіркелді. Статистикалық деректерге сүйен­сек, аталмыш кезеңде құрылыс жұ­мыста­рының көлемі – 42,3 пайызға, негізгі к­апи­тал­ға салынған инвестициялар – 23,4 па­йыз­ға, тұрғын үйі салу – 16 пайызға, өнер­кәсіп өндірісі – 11,4 пайызға, ауыл шаруа­шылығы 3 пайызға өссе, бөлшек сауда көр­сеткіші 5,8 пайызға төмендеді.

Өнеркәсіп. Облысымыз үшін ерекше маңызға ие бұл салада ілгерілеушілік бар. Үстіміздегі жылғы қаңтар-маусымда облыс­тың кәсіпорындары 138,2 млрд. тең­генің өнімін шығарды. Өңдеу өнеркәсібінде де өсім байқалады. Жыл басынан бері 102,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл – жалпы өнеркәсіп өндірісінің 74,1 пайызы. Сала­дағы өсім 13,2 пайызды құрады. Соның ішін­­­де 67,9 пайызы азық-түлік өнімдерін өндіру саласына тиесілі. 2019 жылғы сәй­кес мерзіммен салыстырғанда ет өнімдері­нің шығарылуы 1,7 есе өсіп, тазартылған өсімдік майының өндірісі – 44,7 пайызға, сүт өнімдері – 10,1 пайызға, нан-тоқаш, ма­ка­рон және ұннан жасалған кондитерлік өнім­дер – 6,4 пайызға, ұн-жарма және крах­мал өнімдері 4,8 пайызға өсті. Соны­мен қатар сусындар шығару – 50,9 пайызға, ма­ши­на жасау – 42,9 пайызға, дайын металл бұйымдары – 61,5 пайызға, ал резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі 13,3 пайызға артық орындалды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда нақты көлем индексі 4 пайыз­ға өссе, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 96 пайыздық өсім бар.

Ауыл шаруашылығы. Солтүстік Қазақ­стан облысы аграрлы өңір екені белгілі. Сондықтан агроөнеркәсіптік кешенді да­мыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.­ Өңі­ріміз жыл сайын еліміздегі жоғары са­палы астықтың үштен бірін өсіреді. Биылғы жартыжылдықта 74 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Өсу қарқыны бойынша республикада үшінші орында­мыз. Қаңтар-маусым айларында 38 мың тонна мал мен құс еті дайындалып, 268,9 мың тонна сүт сауылды, 311,5 млн. дана тауық жұмыртқасы алынды. Барлық мал түрі бойынша өсім бар. Атап айтқанда, ірі қара – 3,4 пайызға (478,5 мың бас), қой мен ешкі – 4,7 пайызға (603,3 мың бас), шошқа – 12,4 пайызға (234,9 мың бас), жылқы – 9,3 пайызға (177,2 мың бас), құс 1,4 пайызға (5,6 млн. бас) өсті.

Құрылыс қызметі. Бұл салада да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз бар. Аталмыш кезеңде облысымызда 32,3 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқа­рыл­ды. Сөйтіп, 2019 жылғы қаңтар-маусым­мен салыстырғанда 125,5 пайызды құрады.

Тұрғын үй құрылысына 18 млрд. теңге қаражат бағытталды, ол 2019 жылғы қаң­тар-маусымдағыдан 1,7 есе артық. Облыс аумағында тұрғындар мен жергілікті кәсіп­орындардың қатысуымен жалпы ауданы 44,6 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Тұрғын үйлердің 57,2 пайызы – тұрғындар­дың өз ақшасы, 13,4 пайызы, яғни 10,4 мың шаршы метрі – бюджет қаражаты, ал 29,4 па­йызы немесе 22,9 мың шаршы метрі кә­сіп­орындардың өз қаражаты есебінен тұр­ғызылды.

Бұл кезеңде күрделі жөндеу жұмыста­ры­ның көлемі – 44,7 пайызға, құрылыс-қай­та құру – 26,1 пайызға, ағымдағы жөн­деу 17,6 пайызға арттырылды.

Инвестициялық қызмет. Инвестиция­лар көлемінің көрсеткіші бойынша өсім бар. Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында негізгі капиталға салынған инвестиция мөлшері 23,4 пайызға көбейіп, 108,4 млрд. теңгеге жетті. 60,1 пайызын – шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаража­ты, 24,8 пайызын – бюджет қаражаты, 2,9 пайызын – банк кредиттері, ал 12,2 па­йызын өзге қарыз қаражаттары құрайды.

Негізгі капиталға тартылған барлық қа­ражаттың 51,3 пайызы – инвестициялар­ды игеру бойынша басым салалар болып та­былатын ауыл, орман және балық ша­руа­шы­лығына, 18,2 пайызы – жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, 13,4 пайызы – өнеркәсіпке, ал 11,2 пайызы көлік және қоймалауға бөлінді.

Сауда. Аталмыш кезеңде бөлшек сау­дада 107,8 млрд. теңгенің тауары өткізілді. Бөлшек саудадағы тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар көп сатылуда. Бұл көрсеткіш 66,2 млрд. тең­гені құрады. Сауда жасайтын кәсіп­орын­дар – 62,1 млрд. теңгенің, ал жеке кәсіпкерлер 45,7 млрд. теңгенің тауарын сатты.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын жә­не орта бизнес облыстың әлеуметтік-эконо­микалық өмірінде маңызды рөл атқара­ды. 2020 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіп­керлік субъектілері 0,8 пайызға кеміген. Бү­гіндері кәсіпкерлер үлесі – 66,2 пайыз, ша­ғын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 18,3, шаруа және фермерлік қожалықтар – 15,1, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 0,4 пайызды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 99,7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтыл­ған. Бұл 2019 жылдың сәйкес мерзімімен са­лыстырғанда 1,5 пайызға кем. Жұмыс­пен қамтылғандардың ең үлкен көлемі заң­ды тұлғаларда тіркелген. Бұл көрсеткіш – 53,3 пайыз.

2020 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 80,7 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Оның 72,3 па­йызы – шағын және орта бизнес ­кәсіп­орындарына, 24,4 пайызы – жеке кәсі­пкер­лерге, 3,3 пайызы шаруа немесе фермер­лік қожалықтарға тиесілі. Өнім шығару көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен са­лыстырғанда 17,7 пайызға кеміді.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің ша­ма­­сы. Облыс тұрғындарының жан басына шақ­қандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы маусымда 32224 теңгені құрады. Өткен аймен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,1 пайызға көтерілді. 2019 жылғы желтоқ­санға қарағанда 17,6 пайыздық өсім бар. Тамақ өнімдерінің құны – 17723 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 14501 теңге болды.

Халықтың әлеуметтік-демографиялық топ­тары бойынша осы шама 13 жасқа де­йінгі балалар үшін – 25610 теңгені, 14-17 жас­тағы жасөспірімдер үшін – 40751 (ұл­дар) және 31220 (қыздар) теңгені, 18 жас­тан жоғары еңбекке қабілетті халық үшін – 38453 (ерлер) және 30535 (әйелдер) тең­гені, зейнеткерлер мен қарттар үшін 30159 теңгені құрады.

Аудан орталықтары бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 33184 теңге, ал Петропавл қаласында бұл көрсеткіш 30785 теңге болды.

Бағалар мен тарифтер. Солтүстік Қа­зақ­­стан облысы бойынша жыл басынан ин­фля­ция деңгейі 4,1 пайызды құра­ды. Азық-түлік тауарлары – 7,2 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 2,3 пайызға, халыққа көр­сетілетін ақылы қызметтер 1,8 пайызға қым­баттады.

Осы кезеңдегі инфляцияның қалыпта­суы­на халыққа көрсетілетін ақылы қызмет­терге бағалар мен тарифтердің өсуі өз әсе­рін тигізді. Атап айтқанда, алты ай ішінде жармалардың бағасы 14,2 пайызға өсті. Сүт өнімдерінің бағасы – 9,1 пайызға, ұн – 8,1, құмшекер – 6,9, балық және теңіз өнім­дері – 5,5, май және тоңмайлар – 5,3, алко­гольсіз сусындар – 4,5, кондитерлік өнімдер 3,8 пайызға көтерілген. Алкогольді сусын­дар – 6,8 пайызға, темекі өнімдері 3,8 па­йызға қымбаттады. Күріш – 8,6, ал жұ­мыртқа 4 пайызға арзандады.

Тұрғын үйді күтіп ұстау және ағымдағы жөндеуге арналған қызметтер бағасы 5,5 пайызға көтерілді. Фармацевтикалық өнім­дер – 4,2 пайызға, жуу және тазалау құрал­дары – 2,5 пайызға, киім мен аяқкиімнің жекелеген түрлері 2 пайызға қымбаттады. Бензин бағасы 2,4 пайызға өссе, дизель отыны 1,4 пайызға арзандады.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер ішінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лы­ғы тарифтері төмендеген. Атап айтқан­да, жыл басынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтерін тұтынушылар үшін суық су мен кәріз бағасы 10 пайызға арзандады. Ал құқықтық қызметтер – 10,2 пайызға, сақтандыру қызметтері – 10 па­йызға, медициналық қызметтер 9,6 пайыз­ға өскен. Шаштараздар және жеке кызмет көрсету мекемелерінің қызметтері – 4,8 пайызға, білім беру – 4, мейманхана және мейрамхана қызметтері – 3,8, салт-жора – 2, байланыс қызметтері 0,9 пайызға қымбаттады. Темір жол жолаушылар көлігімен жол жүру бағасы – 5,2 пайызға, ал автобуспен жолаушылар тасымалдау 1,9 пайызға өсті.

Марал НҰРЖАУЫПОВА,

облыстық статистика департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp