«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДА…

Ақжар ауданына қарасты Горьковское ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды.

Бұған дейін ауылда мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң бөлiмшелерi болмаған. Ал бүгінде мұнда 900 адам тұрады. Аудан орталығынан шалғай орналасқандықтан, жергілікті тұрғындар үшін отпен күресу оңайға түспейтін. Бұл стратегиялық жобаға “Ақниет-Ақжар” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дәуіт Құдияров пен Новосел ауылдық округінің әкімі Шайхеслям Нұртазиннің елеулі үлес қосқанын ерекше айтқан жөн. Сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен іс-қимылының нәтижесінде ашылған өрт сөндіру бекеті барлық қажеттілікті өтейді деген сенім бар.  

Тұрғындар игілігі үшін жұмыс істейтін бекет өрт-техникалық жарақтармен қамтамасыз етілген. Өрт сөндіру бекеті Новосел ауылдық округінің әкімшілік аумағы мен “Ақниет-Ақжар” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің объектілерін және жақын маңдағы елді мекендердің өрттен қорғалуын қамтамасыз етеді. Бекеттің штаттық құрамы 3 адам болса да, жеке құрам тәулік бойы кезекшілік атқарады.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің

баспасөз қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp