«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

Волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары аясында жергілікті «Қуаныш» командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Облыс орталығындағы Спорт сарайында өткен бәсекеде петропавлдық ұжым “Қарағанды” құрамасына қарсы ойнады. Кездесудің бірінші кезеңінде қарағандылық волейболшылар екі ұпай айырмашылығымен алға шықты. Дегенмен, қалған үш кезеңде жерлестеріміз 25:16, 25:15, 25:19 есебімен басым түсті.

Енді «Қуаныш» бүгін сағат 18-де «Астана» командасымен тартысқа түседі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp