«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғашқы жеңіс

Солтүстікқазақстандық Евгений Павлов Беларусияның астанасы – Минск қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті.

Жерлесіміз кәсіпқой бокста­ғы дебюттік кездесуінде грузин спорт­шысы Джабба Мемишпен (8-13, 1 KO) қолғап түйістіруі ке­рек болатын. Алайда, ұйым­дас­ты­ру­шылар соңғы күні қар­сы­ла­сын венгрлік Патрик Хор­ватқа (1-1) ауыстырды. Жеңіл салмақ тұ­­жырымы бойынша өткен кез­десу алты раундқа созылуы тиіс еді. Дегенмен, ол екінші раундта аяқ­талды. Венгр боксшысы төрт рет нокдаунға түскеннен кейін тө­реші кездесу­ді уақытынан бұ­рын аяқтауға мәжбүр болды.

Жиырма жастағы Евгений Павлов тәжірибелі бапкер Қанат Орақбаевтың жетекшілігімен жат­тығады. Жерлесіміздің был­тыр “Бокс королі” атты халық­ара­лық тур­нирде күміс медаль иегері атан­ғанын атап айтқан жөн.

Бұдан бөлек, Минскідегі бокс ке­шінде тағы үш қазақстандық был­ғары қолғап шебері жеңіске жетті. Ауыр салмақ дәрежесін­дегі Нұрсұлтан Аманжолов (3-0) шар­шы алаңда Босния бокс­шысы Дразан Джанджанинмен (20-31, 17 КО) кездесті. Бірнеше ауыр соқ­қы өткізіп алған бос­ниялықтың боксты жалғастыру­дан бас тар­туы­на байланысты жекпе-жек екінші айналымнан кейін аяқтал­ды. Айдос Ербо­сын­ұлы (13-0, 9 КО) – “WBO Global”, “WBC Asia” және “WBA Inter­natio­nal” белбеу­лерін сәтті қор­ғап қалды. Екінші ор­та салмақ­тағы қазақстандық боксшы ниге­риялық Нуху Лавал­мен (27-7, 15 КО) болған жекпе-жек­те жеңісті қанжығасына байла­ды. Ал жеңіл салмақта жұдырық­тасқан Бек Нұрмағанбет те кәсіп­қой бокста­ғы дебюттік кездесуін сәтті өт­кізді. Отандасымыз венгр­лік Та­маш Ласканы (19-21-1, 10 КО) бі­рінші раундта техникалық но­каутпен жеңді.

 Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp