Маусымның 9-да өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына кандидат ретінде «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Сәдібек Түгел кеше Орталық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсырды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайты хабарлады. Онда былай делінген:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде С.Түгелдің құжаттары ұсынылды:
1. «Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органның Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;
2. Түгел Сәдібектің Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші;
3. Өмірбаяндық мәліметтері;
4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;
5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жоғарғы білім туралы дипломдарының көшірмелері;
7. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат.