«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ КООПЕРАТИВ

“Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы” Заң биылғы жылдан бастап қолданысқа енгізілген болатын. Аталмыш заң аясында Уәлиханов ауданында алғашқы ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

Кәсіпкерлер палатасы Уәлиханов аудандық филиалының директоры Батырхан Ахметовтің айтуынша, егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар үшін кооперация жаңа жұмыс болса да, өте қызық. Аудан әкімдігінің қолдауының арқасында Ақтүйесай ауылдық округінде заңды тұлғалар бірігіп, “Қызылту – 16” ауыл шаруашылығы кооперативін құрды.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері тарапынан кооператив жарғысын дайындау мен оның әділет органдарында тіркелуіне барынша көмек көрсетілуде. Жаңа кооперативтің басты мақсаты – ауыл шаруашылығын дамыту. “Қызылту – 16” кооперативі мүшелерінің алғашқы отырысында кәсіпкерлікті қолдау орталығының мамандары кәсіпкерлерге заңды тұлғаның тіркелу тәртібі туралы кеңес беріп, шаруашылық ұйымның басты ерекшелігін түсіндірді. Оның ішінде салық төлеуде жеңілдік қарастырылатыны, демеуқаржыландыру мен несиелендіру туралы да кеңінен айтылды. Өз еркімен біріккен шаруа қожалықтарының тең құқықтығы қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысының талаптарына сәйкес келетін, мүлік (пай) және кіру жарналарын енгізген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пай сатып алған, сондай-ақ, осы заңда және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысында белгіленген басқа да құқықтар мен міндеттер белгіленген. Тағы бір айта кетерлігі, ауыл шаруашылығы кооперативінің қауымдасқан мүшесі болады. Бизнестегі тұрақты серіктестердің кооперативке бірігуінен кейін қайта өңдеуге арналған шикізат қорын дайындауға мүмкіндік туады.

Отырыста мемлекетіміздің ауыл шаруашылығы кооперативін дамыту үшін тиімді экономикалық жағдай жасап отырғаны, шаруашылықтар тарапынан кең қолдау табатыны жан-жақты айтылды. Ал заңнама аясында шаруашылықтарға қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына барынша жағдай жасау – кәсіпкерлікті қолдау орталығының басты мақсаты.

Бүгінгі таңда ауданда 4 фермерлік қожалық ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құруға қызу дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының

баспасөз хатшысы.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp