Ресейдің Красноярск қаласында қысқы Универсиада өтуде.
Қазақстандық Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасынан өткен сайыста үшінші орынға ие болды. Отандасымыз финалда 79,38 ұпай иеленді. Бірінші орын Беларусь спортшысы Александра Рамановскаяға (100,29), күміс медаль ресейлік Любовь Никитинаға (91,29) бұйырды. Тағы бір қазақстандық спортшы Аяна Жолдас төртінші (68.38) орынға жайғасты.
Ерлер арасындағы жарыста шорт-трекші Нұртілек Қажғали ереже бұзып, жүлдесінен қағылды. Отандасымыз финалда мәрені екінші болып кескен болатын. Алайда, төрешілер бейнеқайталаудан қазақстандық спортшының ереже бұзғанын анықтады.