«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ МҮМКІНДІК

Елімізде Ұлттық бірың­ғай тестілеу тапсырудың бірінші кезеңі басталды. Қаңтардағы сынаққа барлығы 95 мыңнан астам адам қатысады. Тестілеу құны – 2242 теңге. 

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы негізде тү­су үшін түлектер тестілеу қорытындысы бойынша 65 балдан аз жинамаулары керек. Ал өзге оқу орындарына түсу үшін 50 ұпай қажет. 

Облыстық білім басқармасының мамандары, биыл өңірімізде 3276 оқушы мектеп тамамдайтынын айтты. Соның 2074-і сынақтан өтуге өтініш білдірген. Олар үшін 5 тест тапсыру пункті дайындалған. Емтихан қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарына ақылы түрде түсуге болады.
Сынақ өтетін жерге бейнебақылау камералары орнатылған. Жемқорлықтың алдын алу үшін әр аудиториядан онлайн-көрсетілім жүргізіледі. “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің қызметкерлері мен арнайы мониторингтік топтың мүшелері тәуелсіз бақылаушылар ретінде қатысады. Олардың тізімі Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Басты мақсат – сынақтың әділ өтуін қамтамасыз ету. Яғни, оқушылар емтихан барысында шпаргалка және смартфон пайдаланған жағдайда, тестілеуден шеттетіледі.
Өңірімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 19 қаңтарға дейін жалғасады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp