Облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы алғашқы отырысын өткізді. Бұл жолы жиын ұйымдастырушылық сипатта өтті. Алдымен қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды. Бұған дейін байқаушы органды қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменов басқарса, енді бұл міндетті белгілі журналист Ерлан Тоқшылық атқармақ.
Жиында өңірдің өзекті мәселелерімен айналысатын комиссиялар құрамы бекітілді. Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және экология мәселелері бойынша комиссияға «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қайрат Пішенбаев төрағалық етеді. Комиссия құрамына Геннадий Зенченко, Алтынбек Сапаров, Дариға Смаилова, Алексей Хан, Ирина Эктова енген.
Өнеркәсіп, кәсіпкерлік, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, бюджет және қаржы комиссиясын «Радуга» ЖШС-ның атқарушы директоры Петр Шарапаев басқарып, оған Александр Казанцев, Ағыбай Күшімбаев, Асқар Сақыпкереев, Жангелді Тәжин, Сергей Тимофеев, Сергей Худяков мүшелік етпек.
Ал әлеуметтік сала, құқық қорғау, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ-пен өзара әрекет жөніндегі комиссияға заңгер Павел Афанасьев төрағалық етеді, комиссия құрамында Руслан Асаубаев, Юрий Белоног, Диляра Жұмағұлова, Тимур Жұманов, Азамат Мағзұмов, Сәуле Мәлікова бар.
Кеңес республикалық және жергілікті деңгейде талқылаулар мен шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеріп, ел ішіндегі мәселелерді қозғап, азаматтық қоғамның мүддесін білдіреді. Мәселен, келесі отырыстардың бірінде жылу энергиясы тарифінің өсуін талқыға салмақ.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».