«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ ҰПАЙ

“Қызылжар” футбол клубы сырт алаңда павлодарлық “Ертіспен” кездесті. Қос команда да бірінші турда жеңіліс тапқан болатын. Бұл жолы жерлестеріміз алаң иелеріне лайықты қарсылық көрсете білді. Бірінші таймның 18-минутында “Қызылжар” сапынан Александр Соколенко мергендік танытты. Ал 42-минутта “Ертіс” командасының өкілі Карлос Фонсека есепті теңестірді. Бір атап өтерлігі, ойын барысында жеңіске жету үшін барын салған қос команда өкілдері бірнеше рет ереже бұзып, төрешіден сегіз сары қағаз алған. Футболшылар жиі шабуылдағанмен, екінші тайм нәтижесіз өтті. Есеп – 1:1. Сөйтіп, жерлестеріміз биылғы маусымдағы алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Басқа кездесулердің нәтижелері төмендегідей: “Оқжетпес” – “Қайсар” 0:1, “Тараз” – “Ордабасы” 3:2, “Шахтер” – “Қайрат” 1:0, “Каспий” – “Астана” 2:3, “Жетісу” – “Тобыл” 0:0.
Коронавирус қаупіне байланысты Премьер-лига ойындары жанкүйерсіз өтуде. Сондай-ақ, футболдан Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі кейінге шегерілді.

Қанат АТАМАНОВ,
 “Soltústik Qazaqstan”.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp