«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғыс білдірді

Петропавлдық полиция инс­пек­тор­лары республикалық “Жол­­да қа­былдау” акциясын жүр­гізуі ке­зін­де оған көптеген тұрғын­дар, со­ның ішінде бір мұғалім ал­ғысын білдір­ді. Әйел мұғалімнің айтуына қара­ғанда, жалғыз ұлы көп жыл­дан бе­рі жаман әдетке бой ал­дыр­ған екен. Соны учаске­лік инс­пек­тор­лар Жақ­сылық Ис­ма­қов пен Дәу­­рен Рым­баев қолға алып, түзе­лу жолына салыпты. Учаскелік инс­пекторлар­дың үзбей қадаға­ла­ған­дығының ар­қасында жас аза­мат тү­зеліп, арақ­ты қойып, жұ­мыс­қа кір­ген.

“Жолда қабылдау” акциясы өткен екі күннің ішінде полицей­лер­ге 100-ден астам сұрақ келіп түс­ті. Олардың басым бөлігі – он­лайн-форматта. Өтініштерден бай­қайтын болсақ, солтүстікқа­зақ­стандықтарды мазалайтыны мо­тоцикл жүргізушілерінің түнгі шулы жүрістері. “Алдағы дема­лыс күндері тұрғындар атап көрсеткен учаскелерде пат­рульдеуді күшейтпекшіміз. Мото­цикл жүргізушілерімен профи­лак­ти­ка­лық жұмыстар үнемі жүр­гізіліп тұрады, алайда, олар қата­ңырақ шара қолдануды күтуде”, – деп атап өтті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Александр Розбах.

“Халықпен кері байланыс – по­лицияның барлық бөліністері үшін маңызды қадам. Полиция жұ­мысындағы басымдылық бар­лық хабарламаларға, оның ішінде онлайн-форматта шұғыл әрекет ету болып табылады”, – деді об­лыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ма­рат Төлебаев.

Жақсыбай САМРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp