
Тағы бір жерлесіміз – Аманғали Бекболатов Алматы қаласында күрес түрлерінен өткен ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетті. Жерлесіміз грек-рим күресі бойынша қола медальға қол жеткізді.
Боз кілемде 55 килограм салмақта белдескен балуандардың арасында Жамбыл облысының өкілі Жансерік Сәрсенбиев жеңімпаз атанса, алматылық Қорлан Жақанша екінші орынға ие болды. Ал елордалық Мәрлен Мұқашев пен солтүстікқазақстандық Аманғали Бекболатов үздік үштікті түйіндеді.