«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АМАН ҚАЛЫП, АЛҒЫС АРНАДЫ

Тайынша қаласының тұрғыны Виктор Балашов облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтің атына жолдаған хатында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне ризашылығын білдіріпті.

Мәселенің мәнісі мынадай: 30 қаңтар күні кешкілік аяз болып, Тайынша қаласы мен Теңдік ауылының арасында жолға шыққан осы азамат адасып кетеді. Оның жоғалғаны жөнінде хабар алған аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Петр Мартынюк “Дабыл” белгісімен бүкіл жеке құрамды аяқтарынан тік тұрғызып, оларды бірнеше топқа бөледі де, адасқан адамды іздеуге шығарады.

Бір сағатқа созылған іздестіру кезінде полиция қызметкерлері және оларға қосылған еріктілер үсік шалып, есінен танып жатқан жігітті тауып алады. Ол есінен танбай тұрып, “911” нөміріне қоңырау шалып, адасып кеткенін айтып үлгерген екен.

Дес бергенде, В. Балашов аудандық ауруханаға жеткізіліп, ажал тырнағынан аман қалды.

Оны іздестіруде Тайынша аудандық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Ертарғын Шаяхметов, оның әріптесі, полиция майоры Абзал Құсмағанов, ерікті Азамат Сәпиев және басқалар айрықша белсенділік танытты.

Юрий КЛЫКОВ,

 облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp