«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНАҒҰРЛЫМ ТИІМДІ НҰСҚА

“Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы” Жарлыққа өзгерістің енгізілуі күтілген жағдай болды. Өйткені, латын графикасында апострофтар мен диаграфтар қолданудың қиыншылықтары туралы талай айтылған болатын. Апострофты қолданғанда, таңбалардың арасы ашылып кетіп, соның салдарынан компьютерде теру, ғаламторда мәтіндерді іздеу қиындайтын еді. Сондықтан осыған дейін ұсынылған нұсқалардан гөрі бұл әліпби анағұрлым оңай әрі тиімді көрінеді.

Елбасының латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиін бекітуі ел тарихында маңызды оқиға ретінде сақталады. Бұл осы күнге дейін еңбектеніп келген лингвист ғалымдардың жемісі екені рас. Енді қазақ тіліміз жаңаша келбетте дамитын болады. Алда қаншама қиыншылықтардың күтіп отырғанын түсінсек те, мұндай шешімге қуанбай болмайды.

Латын графикасының жаңа нұсқасы қолдану жағынан заман талабына сай келеді. Әріптер түсінікті, бір қарағаннан-ақ оқу мүмкіндігі бар. Қазақ тілінің маманы ретінде көңілім толып отыр. Ағылшын тілін оқуды балабақшадан бастап жатқан жеткіншектер үшін қазақша сөздерді латынша қаріпке түсіру онша қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Алайда, егде жастағы азаматтарға біраз еңбектенуге тура келеді. Сондықтан латын графикасына үйрететін орталықтар жұмысын баршаға қолжетімді етіп ұйымдастыру қажет.

Айнаш ШӘУКЕРОВА,

“Дарын” мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp