«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНА МЕН БАЛА ИГІЛІГІНЕ

Жақында облыстық перинаталдық орталыққа бірнеше заманауи қондырғылар сатып алынды. Атап айтар болсақ, жеке босану бөлмелеріне осызаманғы трансформер кереуеттер қойылды. Көпфункционалды кереуеттер пультпен басқарылып, бірнеше қалыпқа түседі. Бүгінгі күнге дейін медицина қондырғысында 300-ге тарта нәресте дүниеге келді. Босану бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Сәкен Әмриннің айтуынша, жас аналар кереуеттің артықшылығын жоғары бағалауда.

Сонымен қатар, жаңа қондырғылардың ішінде вакуум-экстрактор аппараты да бар. Ол жүкті аналардың толғағын жеңілдетуге септеседі. Егер босану барысында қиындық туып жатса, осы қондырғының көмегіне жүгінеміз, дейді дәрігерлер. Заманауи аппараттардың арасынан ашық жансақтау жүйесін де атап өтуге болады. Олардың саны – он алты. Термореттегіш микроклиматты қалыпты ұстап тұрады әрі компьютермен басқарылады.  

Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытова жаңа қондырғылардың бағасы арзан еместігін, барлық заманауи аппараттар 10 миллион теңгеге жуық қаржыға сатып алынғанын айтты.

Инна КАЛИМБЕТ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp