«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНА МЕН БАЛА ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Жаздың соңғы шуақты күндерінде бос уақытын өзен-көл жағасында өткізуді қалайтындар аз емес. Осындай күндердің бірінде Есіл ауданындағы Үлкен Торанғыл көлінде анасы мен баласы серуендеуге шыққан скутер істен шығып, суға бата бастайды. Олар құтқару жилеттерін киіп шыққандықтан, онша қауіп төнген жоқ. Дегенмен, суық суда ұзақ уақыт тұрып қалса, денсаулықтарына зиян келетін еді. Сол сәтте СҚО ТЖД құтқарушысы Вячеслав Яковлевтің жақын маңда болып, жедел қимылдауының арқасында ана мен бала аман-есен жағаға шықты.

Жалпы үстіміздегі жылдың басынан бері жедел-құтқару жасағының құтқарушылары барлығы 64 адамды құтқарды, олардың 12-сі – бала.

Төтенше жағдайлар қызметі судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Бейқамдық пен жауапсыздық қайғылы оқиғаларға душар етуі мүмкін.

Виктор ДЕРЖАНСКИЙ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің

жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp