«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНТЫНА АДАЛ АРУ

Облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының маманы Күлжәмила Қайырбекованың күнделікті жұмысы сағат таңғы 6-дан басталады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде арнайы курсты тамамдаған нәзік жан жуырда қызметіне оралып, әріптестерінің ортасында қызметтік иттермен жұмыс істеудің жаңашылдықтарымен бөлісуде. Ол кинологтардың шеберлігін шыңдауға септігін тигізетін түрлі байқауларда да білікті маман ретінде топ жарып жүр. 

Кинолог ер-азаматтарға тән мамандық болса да, ол өзіне тапсырылған міндетті өзгелерден қалыспай уақтылы орындауға тырысады. “Өңірімізде кинолог болып қызмет етіп жүрген екі аруымыз бар. Соның бірі – Күлжәмила Қайырбекова, ал екіншісі – Тимирязев ауданының кинологы Виктория Шахневич”, – деген кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаев жарты жылдың ішінде погон таққан арулардың бірнеше сырқат итті емдеп, қатарға қосқанын айтады. Аяғынан жараланған екі айлық Гретта мен бельгиялық Чарли атты төбеттер бүгінде ауруларынан сауығып, аса жауапты қылмыстық істерді ашуға көмектесуде. 

Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық полиция департаменті
баспасөз қызметінің аға инспекторы.
СУРЕТТЕ: кинолог К.Қайырбекова
.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp