«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНТҚА АДАЛ БОЛҒАН АБЗАЛ

Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары Петропавл қалалық №1 емхана қызметкерлерімен өткен кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талаптарын түсіндірді. Қоғамда мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған департамент мамандары дәрігерлер арасында заң бұзушылықтардың орын алатынын айтты. Адам жанына араша түсетін ақ халатты жандардың абыройына нұқсан келтіретін заң бұзушылыққа жол беру оқиғалары сирек болса да, кездесіп қалып жатады. Биыл жақындарын жұмысқа алып, жемқорлыққа жол берген облыс орталығындағы №1 балалар емханасының бас дәрігерінің ісі Тәртіптік кеңесте қаралды. Департамент қызметкерлері ақ халатты абзал жандарды тұрғындар сеніміне селкеу түсірмеу үшін қызметте адал, абыройлы болуға шақырды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp