«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Бұрнағы күні өңіріміздің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің бір тобы ант қабылдады. Жас мамандарды өмірлеріндегі маңызды оқиғамен облыс әкімі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет құттықтады. Елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант бергендердің қатарында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Әсем Нұғыманова да бар. “Мен үшін бұл аса маңызды сәт. Себебі, Елбасымыз мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап қойып, зор сенім артып отыр”, – дейді жас маман. Мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған жас мамандардың алдында елдің дамуына үлес қосып жүрген аға буын өкілдеріне “Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл” төсбелгісі табыс етілді.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp