
Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің Петропавлдағы филиалында 40 курсант әскери ант қабылдады.
Қырық күн бойы әскери даярлықтан өткен азаматтардың жасы — 24-27 аралығында. Әскери-техникалық мектептің бөлімше командирі Айбек Нұрғалиев Қостанай облысының Арқалық қаласынан келген.
— Әскери-техникалық мектепте білімімді жетілдіргенімен қуаныштымын. Бұл оқу бір жылдық әскерден кем емес. Щучье қаласында орналасқан Кадет корпусына қарасты “Амандық” оқу орталығында қару-жарақтың түр-түрімен танысып, нысанаға көздеп атуды жетік меңгердік. Болашағымды әскери қызметпен байланыстыруды жоспарлап отырмын, — дейді Айбек Нұрғалиев.