Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен және облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Олжас Нұрланұлы Ыдырысов Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Олжас Ыдырысов 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiн тамамдаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi және Iс Басқармасы жүйесiнде жұмыс iстедi.
Бүгiнгi тағайындауға дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы болып қызмет еттi.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.