«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АПТАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

“Снежинка” бөбекжай-бақшасында “Тілдер жәрмеңкесі” апталығы өтті. Аталмыш апталық аясында мекеме мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты.

Тәуелсіздігіміз тұғырына көтерілген жылдар ішінде мемлекеттік тілмен қатар өзге этнос өкілдері тілдері мәртебесінің көтерілуі елдің бірлігін сақтап, оны еселей түсуге оң ықпал етті. Жергілікті ұлт өкілдері балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге этнос өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде бір жасап қаламыз.

Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта балабақшада “Тіл білгірі” атты танымдық сайыс өткізілді. Топ тәрбиешілерінің бірі “Мен көп тілді білемін” атты зияткерлік марафон ұйымдастырса, екіншісі “Ұлттық ойындар жәрмеңкесін”, келесісі “Ұлттық тағамдар жәрмеңкесін” өткізді. Тілдер күніне арналған апталықтың қорытындысында балалар өздерінің өнерлерін көрсетіп, әр этностың ән-жырынан шашу шашып, ұлттық билерін шабыттана орындады.

Мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі Мәдина Жүсіпова елімізде қоныстанған барлық этностардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген жетістіктерге тоқталып, апталық барысында белсенділік танытқан топтарға, жеке тұлғаларға, тіл мамандарына ризашылығын білдірді.

Гүлзира НҰРЖАНОВА,

“Снежинка” бөбекжай-бақшасының қазақ тілі мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp