«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«АРАБЕСК» АЛҒАН АСУ

«Арабеск» үлгілі би ансамблі Алматыда өткен халықаралық байқаудан жетістікпен оралды. Жас бишілер 51 жүлделі орын, ақшалай сыйлықтар мен жеңімпаз атағын олжалаған. Оларды туған-туыстары мен достары үлкен қуанышпен қарсы алды.

– Бұл сапар оңай болған жоқ. Жол ұзақ болса да балалар ұйымшылдық танытып, жақсы нәти­же көрсетті. Бірінші күні көрермендерге 26 би нөмірін ұсындық. Байқау қорытындысы бойын­ша біздің ұжым үздік деп танылды, – дейді «Арабеск» үлгілі би ансамблінің көркемдік же­текшісі Татьяна Кравченко.

Екі күнге созылған халықаралық байқауға ансамбль 250 адамдық құраммен аттанды. Қаты­сушылардың жасы – 4 пен 15 жас аралығында. Олар екі күн бойы таңертеңнен кешке дейін өнер көрсетті.

– Алғашқы байқаулар – «Music Festival» мен «Dance Festival»-де біз үш VIP Grand Prix жүл­десін жеңіп алдық. Ал ұйымдастырушылар өткізген екінші байқау – «Dance Mania»-да үш бірінші орынды иелендік. Мен билегенді ерек­ше жақсы көремін, себебі музыка мен би – менің жанымның бір бөлігі, – дейді ансамбль қатысу­шысы Диана Шалдыбекова.

Ансамбль жақында Астанада өтетін беделді республикалық байқауда қаламыздың намысын қорғайтын болады.

Аружан ҚҰРЫМБАЙ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp