«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРАМЗА САУДАГЕР САЗАЙыН ТАРТАДЫ

Облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына Петропавлда 27 жастағы әйелдің есірткі заттарын сатумен айналысатыны туралы хабар жеткен соң, полиция қызметкерлері оның ізіне түсе бастайды. Ақыры, еңбектері еш болмай, күдіктінің Алтынсарин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде тұратыны, есірткі заттарын сонда сақтап, сататыны белгілі болады.

Әйелдің пәтерін тінту кезінде ол 80 грамм героинмен қолға түсті. Соған қоса, тәртіп сақшылары әйелдің есірткі сатудан түскен ақшасын да тәркіледі.

Енді есірткі саудагері сазайын тартатыны анық.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp