«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРАҚ ІШПЕЙТІН АУЫЛ

Облыста спирттік ішімдіктен толықтай бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды. Бұл — Петропавл қаласынан шамамен 115 шақырым қашықтықта орналасқан Сулышоқ ауылы. Полицияның мәліметінше, мұнда мас күйінде жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар мүлде тіркелмеген.

Мағжан Жұмабаев ауданы Успен ауылдық округіне қарасты Сулышоқ ауылында 217 адам тұрады, 45 үй бар. Елді мекенде балабақша мен негізгі орта мектеп жұмыс істейді, өмір сүруге қажетті жағдайлар жасалған. Күндіз көшеде бос жүрген адамдарды кездестіру қиын, олардың көбі жергілікті тұрғын, туған жерінің патриоты Қайрат Жәнібеков басқаратын «Агро-Комплекс-Сұлышоқ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді.

Ауылдық округ әкімі Сарагүл Бейсебаеваның айтуынша, бұл ауылда тәртіп орнаған, оны таза көшелерінен-ақ байқауға болады. Ал тұрғындары адал, әрі еңбекқор.

Бүгінде облыста 13 ауыл алкоголь өнімдерін тұтынудан және сатудан толықтай бас тартқан. Бұл қылмыстың алдын алудың тиімді шарасы ретінде бағаланып отыр. Себебі соңғы 5 жылда бұл ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp