Петропавлда тұратын 80 жастағы қария Зоя Давыдова – тыл ардагері. Ол облыстық ішкі істер департаментінде 23 жыл техникалық қызмет саласында еңбек еткен.
Зоя Яковлевна жекеменшік үйде тұрады. Жасы ұлғайған сайын жүріс-тұрысы қиындап, денсаулығының сыр беріп қалатыны да бар. Алайда, ардагер өзіне жасалып отырған қамқорлық көмек үшін департамент басшылығына риза. Әсіресе, Сұраған Көпеев пен Юрий Киселев басқаратын ардагерлер кеңесіне алғысын үнемі арнайды.
“Кейде маған бір жерге барып қайту үшін көлік қажет болып қалады. Сондайда мен ардагерлер кеңесіне хабарласамын. Өтінішім аяқсыз қалып көрген жоқ”, – дейді зейнеткер.
Департаменттің ардагерлер кеңесі оған мүмкіндігінше қаржылай көмек көрсетеді. Дәрігерлерге барып көрінуіне қолдан келгенше жағдай жасайды.
Мұндай көмек жалғыз Зоя Давыдоваға ғана емес, барша мұқтаж ардагерлерге көрсетіледі.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.