«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕРГЕ – АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

Жеңістің 80 жылдығына орай еліміз бойынша майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мереке қарсаңында Мемлекет басшысының атынан мерейтойлық медальдарды табыстады.

Қазіргі таңда өңірімізде екі майдангер тұрып жатыр. Олар – Василий Макиенко мен Федор Щеглов. Өңір басшысы қос ардагерді арнайы барып құттықтады.

«Батырларымызға жеке құрмет көрсету – мен үшін үлкен мәртебе. Ардагерлеріміз Жеңіске жетер жолда өлшеусіз үлес қосты. Сіздердің ерліктеріңіз – тірі тарих, ұрпақ үшін мақтаныш пен шабыттың қайнар көзі. Алдағы уақытта да ардагерлерге қамқорлық көрсетіп, қолдау білдіру – басты парызымыз», – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Марапатқа ие болғандардың қатарында Петропавл қаласының 94 жастағы тұрғыны, тыл ардагері Рашит Белогонов та бар. Ол – балалық шақтың қызығын көрмей, ерте есейген буынның өкілі. 11 жастағы бала эвакуацияланған зауытқа жұмысқа орналасып, ересектермен қатар күн-түн демей еңбек еткен.

Облыс әкімі Қызылжар ауданында тұратын 101 жастағы Хадиша Бекназарованың да шаңырағында болды. Ол да Ұлы Отан соғысы жылдары егіс алқаптарында тынымсыз еңбек еткен.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp