«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өткен облыстық ішкі істер департаментінің қайырымдылық концерті Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды. Мерекелік шараға қатысқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қастерлі мерекемен құттықтап, оларға салтанатты түрде мерейтойлық медальдарды табыс етті.

– Біз үшін соғыс ардагерлері Отанға деген сүйіспеншіліктің және қайсарлықтың үлгісі болып табылады. Сіздердің ұлы ерліктеріңіз бен ерен еңбектеріңізге әрқашан бас иіп, тағзым етеміз. Ұлы Жеңіс, өшпейтін ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымды қабыл алыңыздар. Сіздерге ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға және туған-туысқандарыңызға амандық тілеймін! Аспанымыз ашық, қасиетті жерімізде әрдайым бейбітшілік бола берсін! – деді облыс әкімі.

Елбасының Жарлығына сәйкес бірнеше соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлеріне салтанатты түрде “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл” мерейтойлық медальдары табыс етілді. Марапатқа ие болған ішкі істер органдарының ардагерлері – майдангерлер мен тыл еңбеккерлері мемлекет тарапынан қарияларға жасалып отырған қамқорлыққа алғыстарын білдіріп, ақ баталарын арнады.

Салтанатты шара ішкі істер органдарының, Петропавл Әскери институтының өнерпаздары және облыстың өнер ұжымдары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp