«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕРГЕ КӨМЕК

Енді санаулы күндерден кейін Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. Елін, жерін, ұрпағын қорғау үшін батысқа сап түзеген қаншама азаматтарымыз майдан даласынан оралмады.

Бүгінгі таңда облысымызда 203 соғыс жауынгері бар. Олардың 59-ы – мүгедек, 24-і – жалғызбасты. 2 ардагер, 54 тыл еңбеккері медициналық-әлеуметтік мекемеде тұрады. Барлығына мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі.

Жеңіс күніне орай бірқатар шаралар белгіленіп, облыс әкімдігінің қаулысымен бірреттік материалдық көмек тағайындалды. Соғыс ардагерлеріне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 106 050 теңге беріледі. Мүгедек жандарға және ардагерлерге теңестірілген азаматтарға 10 605 теңгеден әлеуметтік төлем қарастырылған. Бейбіт күн сыйлаған ардагерлерге көмек көрсету үшін аудандардың және Петропавл қаласының қазынасынан 39 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, соғыс жауынгерлеріне ем-дом қабылдау шаралары тегін жүргізіледі.

– Мүгедек ардагерлер үшін санаторлық-курорттық емдеу, протезді-ортопедиялық көмек көрсетіледі. Барлық азаматтар мемлекеттен бөлінетін арнайы жәрдемақыларды ала алады. Соғысқа қатысқандар және мүгедектер – 31 815 теңге көлемінде, тыл еңбеккерлері 4 242 теңге алады, – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мүгедектерді оңалту бөлімінің жетекшісі Надежда Завьялова.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp