«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Өңірдің ішкі істер органдарында өз ардагерлеріне қамқорлық жасап, құрмет көрсету игі дәстүрге айналған. Әсіресе, бүгінгі күні жалғыз тұрып жатқан ардагерлер – ерекше назарда. Карантин кезінде зейнеткерлерге азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, медициналық маскалар, қолғаптар мен антисептиктер жеткізілді.

Отставкадағы милиция подполковнигі 68 жастағы Нина Мицукова 1981 жылдан бастап кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор болып қызмет атқарды. «ҚазКСР ІІМ Құрмет грамотасымен» марапатталып, «ҚазКСР милиция үздігі», еңбек ардагері атақтарына ие болған. Екі рет кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі үздік инспектор атанды.
«Нина Романовна зейнет демалысында болса да, ведомствомен байланысын үзбеген, барлық жаңалықтардан хабардар. Ол облыстық полиция аккаунтының «Одноклассники» әлеуметтік желісіндегі белсенді оқырманы, үнемі іс-шараларға қатысады. Оның сарқылмас күш-жігері – жас қызметкерлерге жарқын үлгі», – дейді облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков.
65 жастағы милиция майоры Сәкен Бакетов өмірінің 27 жылын қызметке арнаған. Бастапқыда учаскелік инспектор, анықтаушы болып жұмыс істеген ол кейін экономикалық қылмысқа қарсы күрес бөлімінде және мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет атқарды. Үйіне әріптестері келген кезде Сәкен Қошанұлы қуанышын жасыра алмады. Өйткені өз балалары алыста, Алматыда және Уфада тұрып жатқан көрінеді. Сондықтан жиі қатынай алмайды. Карантиндік шектеулерге байланысты далаға шыға алмай отырған зейнеткер әріптестерінен өзінің сүйікті сусыны – қымыз ала келулерін өтінген еді.
«Полиция ведомствосының өз ардагерлеріне мерекелерде ғана емес, басқа кезде де қолдау көрсететіні құптарлық іс. Қыстыгүні тәртіп сақшылары жұмыстан қолдары қалт еткенде үйімнің ауласындағы қарды күреп бергені мен үшін тосын сый, әрі айтарлықтай көмек бодды. Полиция департаментінің басшылығына және ардагерлер кеңесіне алғыым шексіз», – деді ардагер.
Бұл күндері өңір полицейлері жалғыз тұрып жатқан бес ардагердің үйіне барды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp