Облыстық ішкі істер департаментінің бір топ ардагері Ішкі істер министрлігінің “Қазақстан” шипажайына жол тартты.
Ардақтыларын бір қуанту үшін бұл сияпатты алдын ала ойластырған департамент басшылығы мен жеке құрамы мереке қарсаңында қайырымдылық сенбілігін өткізіп, одан түскен қаражатты департаменттің ардагерлер кеңесіне табыстаған болатын. Енді, міне, сол қаражатқа 17 ардагер Алматы баурайындағы таулардың саф ауасымен тыныстап, ем-дом алып, денсаулықтарын нығайтып қайтпақ.
Сапарға аттанар алдында ардагерлер мерекелік көңілкүймен Елбасына, Ішкі істер министрлігі мен департамент басшылығына алғыстарын айтып, мемлекет тарапынан қарияларға жасалып жатқан қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді.
Бұған дейін де министрлік шипажайына солтүстікқазақстандық полицейлердің екі легі барып қайтқан еді.
Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,
облыстық ішкі істер департаментінің
баспасөз хатшысы.