«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕР РИЗА

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай полиция ардагерлерінің Петропавлдың көрнекті мәдениет нысандарына экскурсиясы ұйымдастырылды.

Аталған экскурсияға шақырылғанын естігенде Тайынша қаласында тұратын, аудандық уақытша орналастыру оқшаулағышының бұрынғы басшысы Петр Ларионов өте қуанып, өзімен бірге фотоаппаратын ала шығыпты.

Ардагер облыстық ішкі істер департаментінің мұражайында, “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде болғанда өзіне ұнаған жәдігерлерді суретке түсіріп алып: “Бұларды немерелеріме мақтанышпен көрсетемін. Петропавл милициясының шежіресін зердеме түйдім. Ал, әсіресе, Қазақ мемлекеттігінің тарихына бойлатқан Абылай хан мұражайы өте ұнады. Қазақ хандығының құрылуына ой салдырған қызықты әңгімелерді сүйсіне тыңдадым”, – деді ардагер.

Зейнеткерлерге облыс полициясының тарихы жайлы департаменттегі осы мұражай шаңырақ көтерген күннен бері онда қызмет істеп келе жатқан запастағы милиция подполковнигі Любовь Осинская әсерлі баяндады. Әсіресе, мұражайдағы суреттерден өздерінің бейнелерін көрген ардагерлер жастық шақтарын еске алып, қатты қуанды.

Осыдан кейін олар кино залында тәртіп сақшыларының қиындықтарға толы іс-қимылдарын баяндаған қысқаметражды фильмдерді тамашалады.

Кездесуге қатысқандар облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреевтің жастарға тәлімгерлік жайындағы әңгімесін ұйып тыңдады.

Мұның алдында Жамбыл, Тимирязев, Мамлют аудандық ішкі істер бөлімдерінің ардагерлері осындай экскурсия жасағанды.

Зейнеткерлер әсерлі рухани тарту сыйлаған департамент басшылығына шынайы ризашылықтарын білдірді.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті

 баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp