«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕР САЙЫСЫ

Облыстық ардагерлер кеңесі мен дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйықты болуымен өңір ардагерлері арасында шахмат, тоғызқұмалақ, дойбыдан жарыс өтті. Облыстық спартакиадаға әр ауданнан үш спортшыдан қатысып, барлығы 45 ардагер өз шеберлігін ортаға салды.

Аға буын бұл күнгі спорт мерекесін ел Тәуелсіздігінің 25 және облыстың 80 жылдық мерейтойларына арнады. Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған спорттық додаға биыл Қызылжар ауданының әкімдігі үлкен қолдау көрсетті.

Петропавл қаласы мен аудандардан жиналған спортшылар белгіленген уақытта сапқа тұрып, көп күттірмей жарысты бастап кетті. Спортшыларға Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмабеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов жылы лебіздерін айтып, игі тілектерін жеткізді.

Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындары бойынша жарысқа қатысуға 15 команда өтініш білдірген. Әр қатысушы тобын жеңіс тұғырына шығару үшін бар өнерін ортаға салып, сайыс бірнеше сағатқа созылды. Биылғы жылғы спартакиаданың өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, чемпион командаға ауыспалы кубок табыс етілді, екіншіден, биыл бес аталым бойынша қосымша марапаттар тағайындалды.

Спорттың үш түрі бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен Петропавл қаласының командасы ауыспалы кубокты жеңіп алды. Екінші орында Тимирязев ауданы, ал үздік үштікті Мамлют ауданының ардагерлері түйіндеді.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp