«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕР ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Еліміздегі Ұлы Отан соғы­сының ардагерлері осы жыл­дың

мамыр айында ТМД ел­деріне бару үшін кез келген пойызға тегін отыра алады. Бұл – кешегі сұрапыл соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсеткен майдангерлерге мемлекеттің көрсетіп отырған қамқорлығы мен құрметі.

Өткен жылы дәл осындай мүм­кіндік 688 ардагерге берілген еді. Биыл мұндай шектеу болмай­ды, дейді мамандар. Ол үшін қария­лар өзін ҰОС ардагері екенін анық­тайтын құжатты пайдалануы тиіс.

Айта кетейік, қазіргі таңда елі­мізде 3917 Ұлы Отан соғы­сы­на қатысушылар мен мүге­дек­тер бар болса, оларға теңес­тірілген тыл және еңбек арда­герлері қатары 22 867 адамды құ­райды. Жыл сайын Жеңіс күні қар­саңында оларға осындай құр­мет пен қызмет көрсетіп тұру елі­міз­де берік дәстүрге айналып келе­ді. Мәселен, биыл Жеңістің 71 жыл­дығына орай ардагерлерге бір­жолғы материалдық көмек көр­сету үшін жергілікті бюджет­терден 2,6 миллиард теңге қарас­ты­рылып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp