«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ” АШЫЛАДЫ

Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласында “Ардагерлер үйі” ашылады. Бұл туралы ауданның әкімі Нұрлан Есімов әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. “Бізде бір-бірімізге шақырусыз қонаққа бару мәдениеті қалыптаспаған. Ал қонақ шақыратын болсақ, міндетті түрде етімізді асып, дастарқанды толтырып қойғымыз келеді. Мұндай салт-дәстүр адамдарды өзара әңгімелесіп, хал-жағдайды сұрасу үшін емес, тамаққа тойдырып жіберу үшін керек сияқты әсер қалдырады. Сондықтан біз аға буын кез келген уақытта бір-бірімен кездесіп, әңгіме-думан құра алатын орын қажет деп шештік. Ол “Ардагерлер үйі” деп аталмақ”, – деген екен ол.
Жақын уақытта есігі айқарыла ашылатын бұл үйге ардагерлер кеңесі де көшірілмек. Аудан әкімі жаңа нысанды жиһаздармен, теледидармен және үстел ойындарымен, сондай-ақ, газет-журнал, кітаптармен қамтамасыз ететіндіктерін айтқан. Қазір “Ардагерлер үйіне” арналған ғимарат жөнделу үстінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp