«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Петропавл қаласындағы «Береке» ықшам ауданындағы №25 орта мектепте Халықаралық қарттар күні мен Ұстаздар күні қатар аталып өтті. 

Аталмыш білім ордасының жас мұғалімдері ұйымдастырған мерекелік шарада ұлағатты ұстаздар мен ардагерлер балалардың сұрақтарына жауап беріп, концерттік бағдарламаны тамашалады. Бұл күні ұлы мамандық иелерінің көңілі шат-шадыман күйге бөленді.
Ал жас мамандар ардагер ұстаздарға өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды. Шара соңында ардагер ұстаздар 12 жас мұғаліммен тәлімгерлік туралы меморандумға қол қойды. 

http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp