Табиғаттың мизамы сол әуелгі –
Күн болмаса, түнек басар әлемді.
Меңіреу болып жүрмесін деп еркектер,
Шұғыладан жаратыпты әйелді.
Күн болмаса, кім ерітер мұздарды?
Ағашы жоқ таулар қандай ызғарлы?!
Жігіттерге ыстық ая болсын деп
Мәуелерден жаратыпты қыздарды.
Нәр тамбаса, тұз адыра болмай ма?
Жаз болмаса, тірлік қатып қалмай ма?
Бұл дүниеде әйел-ана болмаса,
Адамзат-гүл баяғыда солмай ма?
Ақ қайыңсыз сәнді ме бақ қарайған?
Не пайда бар аруы жоқ сарайдан?
Жиындарда жайнап әйел жүрмесе,
Қасірет қой өңшең еркек сорайған.
Серігі жоқ Аққу жалғыз самғар ма?
Гүлсіз шөлде сандуғаштар сайрар ма?
Махаббатсыз, сүйген жарсыз, баласыз
Құр тірліктен рахат бар ма, сән бар ма?
Ардақтаймыз әйелдердің әз атын,
Саусақтарын, сын-сипатын, ләззатын.
Қартайғанша әйел даңқын жырлайық,
Адамзаттың жаңғыртатын зәузатын.
Мағзұм ИСАҒҰЛОВ,
зейнеткер.
Петропавл қаласы.